Бар қазақ – бiр қазақ

Осылай деп сен де айтасың, мен де айтамын, бәрiмiз де жұлқына, жұлымырлана, серпiле, бар қазақ – бiр қазақ деп таусыла (сөз бен iсiмiз қабыспаса да) сайрап. Олай болса, тағы айтайық. Бұл жолы кезiнде байтақ елiмiздi аралағанда көрген-бiлген, түйсiнгендер негiзiнде (нақты айғақ-деректерге сүйенiп) тiлге тиек ететiн азаматтардың – есте сақталғандарының – атыжөндерiн атап. Сонда бұл не жаңалық па? Әлде, тыңға түрен салу, Америка ашу ма? Әйтеуiр, құмбылмыз, мықтағанда «бөлiнбейiк, бөлiнгендi бөрi жейдi» деп жағы тынбай қақсағанмен, жершiлдiк, рушылдық батпағынан шығуға құлықсыз мүмiндерге сабақ болар ма екен десек те. Одан дәме болмаса да. Сонымен… Ертеректе Көкшетауға жол түстi. Күздiң алғашқы күндерi. Тың астығын жинау қызып тұрған шақ. Құдай жарылқап, күллi Арқада тек осы облыстың бiрiншi басшысы (секретарь) қазақ болған тұс. Бiрiншi басшы идеология жөнiндегi үшiншi хатшыны қазақтан сайлапты (Бисен Жұмағалиев). Бұдан үш жыл бұрын келгенiмiзде облпартком, облатком басшыларының бәрi басқа ұлттан, тек облаткомның (жоғары лауазымға жатпайтын) секретары ғана қазақшаға шорқақ, әлдебiр қазақ атын жамылған дүрегей әйел едi. Бүкiл облыстағы 21 ауданның бiреуiнiң ғана (Зерендi) бiрiншi басшысы, бүкiл облыс совхоздарының 6-ауының ғана директоры қазақ екен. Бұл жолы, шүкiр, 6 аупарткомның бiрiншi секретары, 30 совхоздың директоры (21 ауданға шаққанда ол не, тәйiрi) қазақ екен. Бәрi облпарткомның бiрiншi секретары Е.Әуелбековтiң арқасы, оны Д.Қонаев үлкен қиындықпен сайлады ғой дестi бiлетiндер. Мамандығы журналист үшiншi секретарь Т.Жұмағалиев та ұлтжанды азамат екен, үгiт-насихат бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасарын қазақ етiптi (бұрын түске кiрмеген), әйтеуiр. Фамилиясы Сабиров. Әне, сол Сабиров (Жұмағалиевтiң тапсыруымен) бiзге жеңiл көлiк, жанымызға бiр нұсқаушы қосып берiп, Володар ауданына аттандырды. Бiз дейтiнiм, жанымда фототiлшi В.Мыльников бар болатын. Бұдан бұрын келгенде пұшайман болған басымыз бұл жолы өзiмiздi адам сияқты сезiнiп, жырғап қалдық. Ол кездерде, әсiресе, солтүстiк, орталық аймақтарда атқамiнер қазақтардың аздығын бiреулер (қазақ деп түсiн) ұлттық кадрлар жетiмсiз ғой деп жуып-шаюға тырысатын. Олай емес. Қазақ сан жағынан азайғанмен, iздейтiн жанашыр болса, ұлттық кадр табылатын және молынан табылатын. Солай екенi Е.Әуелбековтiң iс-әрекетiнен байқалды емес пе? Демек, мәселе басқада. Басшы басқа ұлттан болса, ол әрине, бар қазақты көрмейдi, елемейдi, «жоқ» деп мыңқ етедi. Өз қандастарымыздан болса, табылады. Әрине, Е.Әуелбековке де оңай емес, қазақ басшыларын көбейтсе, айналадағы шолақ белсендiлер (алдымен қазақтың өздерi) «ұлтшыл» деп шулап шыға келерi тұрған гәп. Әйтсе де, ең болмаса, қасиеттi Арқа жерiндегi бiр облыстың бiрiншi басшысын қазақтан сайлауға әрең шамасы жеткен (Брежневтiң досы) Қонаевты кейiн сол азаматтың аздап «жерге қаратқаны» онша дұрыс болмады, әрине. Қонаевтың мүмкiндiгi сол емес пе едi? Қонаевтың алдындағы қазақшаға судай (атыжөнi есте жоқ) бастық неге олай етпедi? Олай ету тұрмақ, ол өзiнiң алдында республиканы екi жыл басқарған Қонаев тағайындаған ұлты қазақ 6 шаруашылығы министрi Е.Тасанбаев, Ә.Үркiмбаев, З.Есенбаев, т.б.). Олар тұрмақ, бiрiншi басшы Ш.Рашидовтың көмекшiлерiнiң көбi – бiрiнен соң бiрi – Қарабаев, Тiлеулиев, Төлепбаев секiлдi қазақтар болды. Бұл не? Бұл қазақта iскер, сауатты, алғыр азаматтардың аз болмағанының айғақ-дәлелi. Өзiмiзде суалған үстiне суала бердi. Жоқ та жоқ, қазақ дәрменсiз, марғау. Осылар еске түкенде, қазiр де бейжай күй кешесiң. Соны бiлген, күйiнген, ойланған қазақ болды ма деп толғанасың. Болды, болдыө Хрущевтi төңкерiп тастауға көмектескен нөкерлерiнiң бәрiн (Игнатов, Подгорный, Егорычев, Семичастный, көп-ақ) бiр жарым жыл iшiнде бiрiн қалдырмай аластап жiберген Брежневтiң Қонаевты қолдағанын көре алмай, қуанудың орнына тұстұстан шәуiлдеген заржақ, қызғаншақ қазақтар болғанда қандай, қарғадай қарқылдап, буалдыр елестей кезiп жүретiн. Оу, Қонаевқа оңай болды ма? Егер бiр жерден мүлт кетсе, өз қандастарын (достарын) аямаған Брежневке оны ысыра салу не тұрушы едi. Соны бiлген Қонаев (қанша жерден күнәкар болса да) сақтықпен, құдай берген жайсаң қалпымен жетпегендi бiрте-бiрте жеткiзiп айтқаны айтқан, дегенi деген болмады ма? Соны көп көресiң бе, әлде, қимайсың ба? Алматыда бiрден қазақ мектебi мен балабақшасын қосақ-қосағымен көбейте салмады деп шәуiлдеуiң қаншалық орынды бола қояр екен? Қонаев үшiн ондай проблема миллиондап саналмайтын ба едi? Қонаевтың Тың өлкесiндегi, ең болмаса, бiр облыстың басшысын қазақ еткенi де жеңiспен парапар болатын. Және қандай жеңiсө Келе-келе сол Қонаевтың он бiр облпарткомның бiрiншi секретарын қазақ еткенi нағыз ерлiк едi. Одан арғыға қауқары жетпедi. Олар әр үш-төрт жылда ауысып отырғанда, 25 жыл iшiнде бiрiншi секретарь болған қазақтар саны 70-тен асып жығылмады ма? Солардың екеуi ғана – сен осы күнге шейiн шашыңды жұлып, ойбайлап айта беретiн – оңтүстiк өңiрден, яғни, Асқаров және Аухадиев болатын. О, қасқаө Егер Қонаев жетпiс қазақтың қатарында әлгi екеуiн де бiрiншi етiп, «рушыл» аталмағанда, бiреулер оның орнына Колбин келуiн 20 жыл күтпес пе едi, қайтер едi. Әлде, оларға басқа Колбин келсе де бәрiбiр ме едi? Оны да айта кетейiк, ұлты қазақ 4-5 министр санын 34-ке жеткiзген де Қонаев болатын (архивтердi қара). Әне, Көкшетауға барған сол жолы «Айнакөл» атты ансамбльдiң өнерiн тамашаладық. Тамашалағанда, облыстық мәдениет бөлiмiнiң бастығы Мұрат (фамилиясын ұмытып отырмын) дейтiн жiгiт ағасы бiздi (фототiлшi екеумiздi) Бурабайға апарып, Кенесары үңгiрi, Оқжетпестi көрсеттi, айдын шалқар көл бетiнде әншi-күйшiлердi суретке түсiрдiк. Ансамбль жетекшiсi Батыс Қазақстан облысындағы Қаратөбе ауданының тумасы, асқан өнерлi жiгiт екен. «Мен көкшетаулықпын, – дедi ол. – Бұл жерден ендi ешқайда кетпеймiн. Себебi, бұл қазақтың атамекенi, Ұмытпасам, аупарткомның бiрiншi секретары Пангереев деген жiгiт едi. Аудандық Мәдениет үйiнiң директоры шығысқазақстандық жiгiт екен. Ол да айтты: «Пәлен уақыттан берi осында жұмыс iстеймiн. Ырғыз – атамекенiм. Ешқайда кетпеймiн», – деп. Шағын оркестр құрыпты, халық театрын ұйымдастырыпты. Ел-жұрт риза. Аупарткомның екiншi секретары оңтүстiкқазақстандық (Келес ауданынан) жайсаң екен. Бiр совхоздың директоры Түркiстан түлегi екен. «Бұл бiздiң жерiмiз, қазақтың жерi, атамекенiмiз», – десiп едi бәрi де. Тағы бiрде Батыс Қазақстанға жол түстi (онда Орал облысы дейдi). Жаңақала ауданының халқы бұрын осында совхоз директоры, онан соң аупарткомның бiрiншi секретары болған оңтүстiкқазақстандық Қалдыбек Сәбденовты ұмытпай, ардақтайды екен. Сарыағаштан апарып ектiрген мыңдаған түп терек көшетiнiң бәйтерекке айналғанына мақтанады екен. Ол кезде Қалекеңнiң Алматы облыстық парткомының хатшылығынан ауысып, зооветинститутта ректор болған кезi едi. Сол жайлы айтқанымда кәдiмгiдей серпiлiп, рахаттанып қалды. «Е, ол облыста аупарткомда бiрiншi болған оңтүстiк қазағы жалғыз мен емес, Каменка ауданында бiрiншi болған түркiстандық Сабыровты бiлушi ме едiң, сол және басқалар да аз емес-тiн. Түрлi мекемелердi басқарғандар да жететiн», – дедi. Өз басым қазақ жерiнiң қай түкпiрiнен де мұндайларды көп көрдiм. Өмiрбақи сонда iстеп, сонда топырақ бұйырған Семей облысы, Абай ауданының прокуроры (сарыағаштық) Сүттiбаев, Шығыс Қазақстан облысында аудандық парткомды басқарған оңтүстiктiң перзентi, тағы да сол батыстағы Жәнiбек ауданында совхоз директоры болған шымкенттiк жiгiт – бәрi есте. Бәлкiм, бiреумiреу оларға «ау, сендер мұнда неғып жүрсiңдер?» деп айтар ма едi, қайдам, ал, менiң олай деу қаперiме келген жоқ. Себебi, олар туған жер, атамекендерiнде жүр. Әлде, басқаша ма? Iшiң күйсе, тұз жалаө Әй, қазақө Бар қазақ – бiр қазақ қой, әө «Иә» – деймiсiң? Дейсiң. Әйтсе де, таусылмайтын жымысқы тiрлiгiңмен мұратқа жетпеген – ат төбелiндей азғыншақ топ – сен мұндайды ұға аласың ба, жоқ па, айта алмаймын. Менiң айтарым басқа, жоғарыда баяндалғандай жарқын жайлар, жарасымды жайлар. Қазақтың ауызбiрлiгiн бұзуға ешкiмнiң шамасы жетпейдi. Ал, сен «Ошақтың үш бұты боп пөстегiңде оранып отыра бер» (Нарманбет Орманбетов), бiрақ, қазақпен ойнама!

Бақыт ОРАЗОВ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *