Балық жеу азайған

Балық жеу азайған
Сурет: интернеттен

Қазақстандықтар балық пен теңіз өнімдерін аз тұтына бастады.

Былтыр 2022 жылмен салыстырғанда нан мен жарма, балық пен теңіз және май мен тоңмайдан басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткішінің өскені байқалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығындардың ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (17%), нан мен жарма өнімдеріне (7,9%) тиесілі.

Ет пен ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Атырау, Ақмола, Жетісу облыстарында, ал ең төмені Шымкент қаласында байқалды.

2023 жылы халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша айына орташа алғанда тұтынуы:

картоп – 3,7 кг

нан, І сұрып – 2,4 кг

сиыр еті – 2,1 кг

алма – 1,6 кг

құмшекер – 1,5 кг

күріш – 1,3 кг

сүт – 1,1 л

айран – 1 л

жұмыртқа – 16,8 дана

макарон – 0,9 кг

жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг

қара шай – 0,1 кг.