Балаларға абай болыңыздар!

Балаларға абай болыңыздар!
Сурет: Turaninfo.kz

Бүгін «КВИ жұқтырғандар санының өсуіне байланысты Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбындағы онлайн баспасөз-конференциясында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин осылай деді.

Спикердің айтуынша, індетке ең көп шалдығатындар, вирус тасымалдаушылар 20-39 жас аралығындағы адамдар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Апта сайын анализ жасап отырмыз. Қазіргі індетке шалдығу көрсеткішін есептесек, 36 % жұмыс істемейтіндер, ААҚ, ЖШС, ЖК қызметкерлері 19% , зейнеткерлер 17 %, мектеп оқушылары 10 %, мектепке дейінгі балалар 6% болып отыр. Балалар топтасып ойнағанды жақсы көреді ғой, сондықтан санитарлық шараларды сақтамаған жағдайда ауырып қалу қаупі бар. Мен жылдың басында балаларға бағытталған штамм пайда болады деп айтқанмын, ескертуді бекер жасамаймыз, дәл қазір сол күн келді. 15-19 жас аралығындағы адамдарда симптомсыз өтіп жатыр, сондықтан олар ауырып, өздері білмей жүруі де мүмкін», - деді Жандарбек Бекшин.