Балалар арасында қызылша өршуде

Балалар арасында қызылша өршуде
almaty-akshamy.kz

Вакцинациядан бас тарту Алматыда балалар арасында қызылшаның өршуіне алып келді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде санитарлық дәрігерлер мен эпидемиологтар мәлімдеді. Алматыда балалардың қызылшамен сырқаттанушылығының өсуі тіркелді, бұл ата-аналардың баланы вакцинациялаудан бас тартуымен түсіндіріледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Эпидемиологиялық жағдай туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы айтып берді.

Санитариялық-эпидемиологиялық Департаменттің статистикасы бойынша Алматыда қызылшаның 2771 зертханалық расталған жағдайы тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2170 жағдай, 15 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 113 жағдай және ересектердің 488 жұқтыру фактісі.

Ата-аналары вакцинациядан бас тартқандықтан, ауруға шалдыққандар арасында екпе алмаған балалар көп. Қызылшаға қарсы екпесі жоқ 2054 бала тіркелді, оның ішінде вакцинациядан бас тарту себебінен – 1466, медициналық қарсы көрсетілімдер – 289, 292 жағдайда жұқтырғандар егу жасына жетпеген және өзге себептермен егілмегендер – алтау.

Алматының бас санитар дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы 14 жасқа дейінгі науқастардың статистикасын келтірді.1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар арасында 1385-і жұқтырған, 6 жастан 9 жасқа дейін – 352 бала ауырған, 1 жасқа дейінгі балаларды жұқтырудың тағы 292 жағдайы, 10 жастан 14 жасқа дейінгі балалар-141 жағдай анықталған. 

Ересектер арасында ауру 19 жастан 34 жасқа дейінгі жас тобында басым-312 жағдай, 35 жастан жоғары-176 жағдай.

«Ошақтарда науқаспен байланыс жасаған  19 092 адам анықталды, олардың барлығына инкубациялық кезең ішінде (12 күн) медициналық бақылау орнатылды. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 30 жасқа дейінгі 488 адам қызылшаға қарсы егілді», - деп толықтырды спикер.

Алматының бас санитарлық дәрігері қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру шаралары туралы хабарлады. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерде балалардың таңертеңгі және ауысымдық сүзгісі, ауру белгілері бар адамдарды анықтау және оларды тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарға жіберу жүргізіледі. Қызылша жұқтыру жағдайларын тіркеу кезінде кабинеттік оқыту жүйесі жойылады, балалардың бір топтан/сыныптан басқа топқа/сыныпқа ауыстыруға жол берілмейді, сондай-ақ қызылшаға қарсы егілмеген байланысқан балаларды ажырату жүргізіледі, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге жол берілмейді.

Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі балаларға вакцинация жүргізілуде. Мәселен, 2023 жылдың наурыз - сәуір айларында Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес бұрын егілмеген 13 324 бала қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы иммундаумен қамтылды. Қазіргі уақытта вакцинациямен 13 989 бала қамтылған.