Бала күнінде дұрыс тамақтанудың өмір сүру ұзақтығына әсері қандай?

Бала күнінде дұрыс тамақтанудың өмір сүру ұзақтығына әсері қандай?
Сурет: Unicef.org

Мамандар баланың дұрыс тамақтануына мән беру керектігін айтуда

"Бала өмірінің алғашқы жылдарында: мектепке дейінгі және мектеп жасында тамақтанудың бұзылуы адам өмірін бес жылға қысқартады", - дейді Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс диетологы, РАН академигі Виктор Тутельян. 

Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі

«Өмір есігін ашқан алғашқы жылдары тамақтану тәртібінің бұзылуы - бұл адамның өмір сүру ұзақтығының екі жарым жылын алып тастағанмен бірдей. Мектепке дейінгі және  мектеп кезеңде біз тағы да екі жарым жыл жоғалтамыз. Жалпы, тамақтану мәдениетін көтеру керек», - деп атап өтті ол. 

Оның айтуынша, ел халқының жартысында жекелеген дәрумендердің жетіспеушілігі байқалады, 30 пайызында - поливитаминді жеткіліксіздік бар.

«Жалпы алғанда, адамның азық-түлікке және биологиялық белсенді заттарға деген барлық қажеттіліктерін оның энергия шығына сәйкес, қанағаттандыратындай толыққанды тамақтану керек. Бұдан кейін дененің кез келген жағымсыз факторларға, оның ішінде вирустарға қарсы тұруға көмектесетін мықты иммунитеті бар база қалыптасады», - деп атап өтті сарапшы.