«Бәріне қарсымын» деген бағам - демократияның белгісі

«Бәріне қарсымын» деген бағам - демократияның белгісі
Сурет: Almaty.tv

Талпынуымыз керек.

Қазақстан саясаттанушылары кезектен тыс Президент сайлауының қалай өткеніне баға берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.

Олар бюллетендегі «бәріне қарсымын» деген бағамның өзі демократияның белгісі дегенді алға тартты.

«Бірнеше беделді, танымал саясаттанушы келіп отыр. Сырттан Қытай делегациясы келмекші. Солармен бірлесіп, Қазақстандағы саяси науқанның тұжырымдамасын, болашақ тендециясын зерттемекшіміз», – деді ҚР ҒЖБМ ҒК ФСДИ саяси зерттеулер орталығының директоры Айдар Әмребаев.

«Талпынуымыз керек. Талқылау сол деңгейде өтіп жатыр. Нақтылықтың, ашықтықтың, әділдіктің заманы. Сондықтан сайлаудан кейінгі екінші жауапкершілік халықтың өзіне келеді», – деді философия ғылымдарының докторы Серік Нұрмұратов.