БАӘ президенті Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіруге 1 млн доллар бөлді

Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіру жұмыстарына 1 миллион доллар бөлді.
Абу-Дабиге ресми сапармен барған Премьер-министр Әлихан Смайылов шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Сондай-ақ Үкімет басшысы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті. Осы уақыт ішінде дипломатиялық қатынас стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілген. Соңғы жылдары түрлі саладағы бірлескен жобалар да артқан.