Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

Алматының даму жолы әрдайым Елбасы Н. Назарбаевтың жіті бақылуында – қала әкімі

Қала басшысы Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Құрметті алматылықтар, Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Алматының даму жолы әрдайым Елбасы Н. Назарбаевтың жіті бақылуында. Мегаполиске үнемі қолдау көрсететіні үшін алғыс білдіріп, оған зор денсаулық тілейміз!» – деп жазады әкім.