Ақтөбе облысында жоғалған геологтар табылды

Ақтөбе облысында жоғалған геологтар табылды
Cурет: ТЖД

Геологтар байланысқа өздері шыққан

Ақтөбеде жоғалған геологтарды іздеу жұмыстары аяқталды. Олардың жағдайы жақсы, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, із-түзсіз жоғалып кеткен геологтар қыстақтан табылды.

«Бүгін сағат 14:50-де жоғалып кеткен геологтар байланысқа шығып, «Қисықсай» қыстағында ораласқандары жөнінде хабарлады. Қазір олардың жағдайлары жақсы, медициналық көмек қажет болмады. Қазіргі уақытта геологтар Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылына жеткізілуде», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 26 қарашада 4 геологқа іздеу жарияланды. Олар 25 қарашада соңғы рет байланысқа шығып, кейін хабар-ошарсыз кеткен. Олардың іздестірілуіне құрамында 33 адам мен 8 бірлік техникадан тұратын 5 іздеу тобы жұмылдырылды. Ал бүгін Ақтөбе-Құмсай-Қайрақты-Қайыңды-Милысай-Аралтоғай бағыттары бойынша авиа іздеу үшін ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ еврокоптері ұшты.