Ақтауда көшедегі құттықтау сөз жұртты күлдірді

Ақтауда көшедегі құттықтау сөз жұртты күлдірді
Cурет: Ашық дереккөз

Компания қызметкері қате жіберген

Ақтауда көшедегі жаңажылдық құттықтау сөзі жұртты күлдірді. Қала әкімдігі құттықтауда қате неден кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары жаңажылдық құттықтау мәтініне белсенді түрде пікір білдіруде.

Қала әкімдігі мәтінді жүктеу кезінде компания қызметкері қате жібергенін, ол бірнеше минут ішінде бірден түзетілгенін айтты.

«Техникалық ақаулар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз және әр отбасына бақыт пен амандық тілейміз», – деді әкімдіктегілер.