Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театры көрермендерін күтеді

Ағымдағы жылдың 30 сәуір күні сағат 19:00-де Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театры ұзаққа созылған карантиндік үзілістен кейін сүйікті көрермендеріне А. Жұбанов пен  Л.Хамидидың «Абай» операсының көрсетілімімен есігін айқара ашпақ. Опера Қазақ КСР-ның халық әртістері Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидың 115-жылдық мерейтойына арналады.

«Абай» қойылымының өзіне тән бірегей тарихы бар – 1944 жылдың 24 желтоқсанында алғаш рет шырқалған опера, қазақ халқы үшін Қазақстан мәдениетінің шежіресінде жаңа парақшасын ашты. Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазылған «Абай» операсы – шындық пен жалғандықтың, әділеттілік пен опасыздықтың, мейірімділік пен қызғаныштың, адалдық пен сатқындықтың, сезім мен парыздың арпалысуы. Ол – Қазақстанның опера өнерінің ең үздік жетістіктерінің бірі. Қазақтың қазіргі заманғы мәдениетінің негізін қалаған үштік – композиторлар А.Жұбанов пен Л. Хамидидің, жазушы М.Әуезовтің ұлы музыкалық және сахналық шығармасы, ол әлі күнге дейін өзінің классикалық дүниетанымында операның жетілу шыңына көтерілудің белгілі бір нәтижесі болып көрінеді.

Италяндық режиссер Андреа Чиньимен қайта жаңғыртылған «Абай» операсында бас партияларды Абай ат. ҚазҰАОБТ жетекші солистері – Шахимардан Әбілов (Абай), ҚР еңбек сіңірген әртісі; Болат Бөкенов (Әзім), ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Зарина Алтынбаева (Ажар), Дархан Жолдыбаев (Айдар); Таир Тажи (Сырттан), Дулат Тоқанов (Көкбай) және Оксана Давыденко (Қарлығаш) орындайды.  Біртума спектакльдің жаңартылған нұсқасы – қазақ опера өнерінің алтын қорының қалыптасу және даму тарихына деген ізгі құрмет.

Қонақтар үшін театрға кіру барлық санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту мақсатында «Ashyq» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *