Австрия 15 қарашадан бастап коронавирусқа қарсы вакцина алмағандарға локдаун енгізеді

Австрия 15 қарашадан бастап коронавирусқа қарсы вакцина алмағандарға локдаун енгізеді
Cурет: Inform.kz

Шектеулер 12 жастан асқан барлық азаматтарға қатысты

Австрия 15 қарашадан бастап коронавирус инфекциясынан вакцина алмаған адамдар үшін локдаун енгізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап.

Егілмеген адамдар үйден тек супермаркетке, дәріханаға, мұқтаж адамдарға көмектесу үшін, жұмысқа, серуендеуге бара алады. Шектеулер 12 жастан асқан барлық азаматтарға қатысты.

Вена билігі ковидтің таралуына жол бермеу мақсатында шектеулерді күшейтуді жоспарлауда. Жаппай спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу үшін вакцина алған және аурудан жазылған адамдарда коронавирусқа теріс ПТР тест болуы керек. Мұндай тест тек 48 сағатқа жарамды болады.