Александр Волкановски чемпиондық атағын қорғады

Александр Волкановски чемпиондық атағын қорғады
Сурет: Fightnews.info

Өз беделін асырды

UFC 266: Волкановски басты жекпе-жекте Ортеганы жеңді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC 266 турнирі өтті.

Аталған кештің басты жекпе-жегінде аустралиялық Александр Волкановски мен америкалық Брайан Ортега кездесті. Бұл кездесуде аустралиялық файтер жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қорғады. 

Бұл жекпе-жек жоспарланған бес раундтың соңында дейін жалғасып, Волкановскидің жеңісімен аяқталды. Төрешілер бірауыздан жеңісті аустралиялыққа берді - 49:46, 50:45, 50:44.

Сөйтіп, Александр кәсіпқой мансабындағы 23-ші жеңісіне қол жеткізді, ол бір рет қана жеңілген (UFC-дегі рекорды 10-0). Ал Брайанның кәсіпқой рекордында 15 жеңіс пен 2 жеңіліс бар (UFC-де 7 жеңіс, 2 жеңіліс).