Австралияда ковид жұқтыру көрсеткіші жоғары

Австралияда ковид жұқтыру көрсеткіші жоғары
Сурет: Emigrant.guru

Коронавирустың таралу қарқыны жоғары

Австралияның Виктория штатында 800-ге жуық адам ковидке шалдыққан. Қазір Мельбурн қаласының локдаунда болғанына 200 күннен асты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz ақпараты бойынша, шектеулер қазан айының аяғына қарай біртіндеп алынуы мүмкін. Бірақ бұл үшін жасы 16-дан асқан азаматтардың 70 пайызы толық вакцина алуы тиіс.

«30 қыркүйектен бастап қауіп-қатер деңгейі жоғары аймақтардан, оның ішінде Сидней қаласынан Виктория штатына келгендер 14 күн бойы үйінде карантинде болады. Қатаң шаралар болашағымыз үшін мәжбүрлі түрде қабылданып отыр», - деді Виктория штатының премьері Дэниель Эндрюс.