Ауғанстанда 500 үй жермен-жексен болды

Ауғанстанда 500 үй жермен-жексен болды
Сурет: Golosameriki.com

Ауғанстанның қуатты зілзала соққы берген Герат провинциясында жағдай әлі қиын.

Іздеу-құтқару жұмыстарына, инфрақұрылымның істен шығуы да кедергі келтіріп жатыр. Өңірде кеше тағы да жер сілкінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Дүмпуден 1 ауылдағы 500 үй жермен-жексен болған. Ал өткен сенбіде провинцияда магнитудасы 6,3 баллдық зілзала болып, оның артынан 8 шағын дүмпу тіркелді. Табиғи апаттан 2400 адам қаза тауып, 2 мыңнан астам тұрғын жараланған.