Алматыда жаттықтырушылар ашық спорт алаңдарында сабақ өткізеді

Алматыда жаттықтырушылар ашық спорт алаңдарында сабақ өткізеді
сурет: Inform.kz

Жаттығуларды балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкерлері жүргізеді.

Алматыда 22 жаттықтырушы балаларға ашық спорт алаңдарында сабақ өткізеді. Бұл тәжірибе мегаполисте бірнеше жыл бұрын қалалық спорт басқармасының бастамасымен пайда болды. Бүгін «Еңбек» бағдарламасы аясында 22 маман жұмысқа кірісті, олар 500-ге жуық баланы оқытады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов бұл жұмыстың қалай ұйымдастырылғанын айтты.

«Алматының алты ауданында жекпе-жекті оқыту орталықтары ашылды. Жаттығуларды балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 14 бапкері өткізеді. Сонымен қатар, қаланың 8 ауданында 50 демалыс орталығы бар, оларда спорт секциялары мен үйірмелері ақысыз жұмыс істейді, онда 5 280 адам қамтылған», - дейді Рүстем Байсейітов.

Спорт басқармасының басшысы 2023 жылға қарай қаладағы орталықтарды 200-ге дейін жеткізу жоспарланып отырғанын, биыл қосымша 50 орталық ашылатынын жеткізді.

«Биыл 8-12 жас аралығындағы балаларға жүзу негіздері бойынша тегін оқытудың қалалық бағдарламасы қолданылды. Барлығы 2100 бала қамтылды, оның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілері де бар. Сондай-ақ, Алматы қаласының аулалық командалары арасында 4500-ден астам баланы қамтитын футбол лигалары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Еңбек» бағдарламасы аясында 22 маман жұмысқа кірісті, олар 500-ге жуық баланы оқытады», - деді спикер.