Ауданда 27 учаскесінде суару құбыры орнатылды

Ауданда 27 учаскесінде суару құбыры орнатылды
Сурет: интернеттен

55,2 км арық желісін салу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.

Барлық учаскелерді автоматтандырылған суару жүйесіне көшіру мәселесі қарастырылуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жасыл қорды сақтау үшін ауданда көлемі 163,4 га болатын 27 учаскеде суару құбыры орнатылды.

Маусым айында апаттық жағдайдағы ағаштарды санитарлық кесу және құлату жұмыстары басталды. Бүгінгі күні жоспарланған 4 500 ағаштың 2 600-ін санитарлық кесу, жоспарланған 2 500-ден апатты жағдайдағы 600 ағашты құлату жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ  435 мың ағашты 4 еселі биологиялық өңдеу жүргізілуде.

Аула ішіндегі аумақтарда ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары қайта басталды. Бұған дейін бұл мәселемен тұрғын үйлерді басқару органдары айналысқан болатын.

Тұрғындардың тұруына қолайлы жағдай жасау үшін 80 аула аумағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ биыл 90 ауланы ағымдағы жөндеу жоспарланған.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындардың өтінімдері бойынша 1-ші кезеңде  800 млн теңге сомасына 17 жоба іріктелді. Конкурстық рәсімдер өткізілді, 15 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды осы жылдың қыркүйегінде аяқтауды жоспарлап отырмыз. 2 жоба бойынша конкурстық рәсімдер жүріп жатыр.

Осы бағдарлама бойынша биыл 2-ші кезеңге 875 млн. теңге бөлінді. Аудан тұрғындары 100 өтінім берді, оның ішінде 2-14 мамыр аралығында тұрғындардан ең көп дауыс жинаған 23 жоба таңдалды. Жобаларды іске асыру осы жылдың тамыз айында басталады.