«Атамекен» экспедициясы Алматыға жетті

«Атамекен» экспедициясы Алматыға жетті
Сурет: Egemen.kz

БАҚ қызметкерлері Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Алматының бірқатар нысандарын аралады

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің бастамасымен ұйымдастырылған «Атамекен» ақпараттық-танымдық экспедициясы Алматыда жалғасын тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Аталған қос басылымның қызметкерлері, БАҚ-басшылары мен жергілікті журналистер қауымынан жасақталған экспедиция мүшелері ең алдымен Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, тәу етті.

Іс-шара аясында экспедиция өкілдері Көк-Төбе телемұнарасы, шың басындағы Шымбұлақ тау шаңғы курорты, Медеу мұз айдыны секілді Алматының символына баланатын айшықты орындарды, сондай-ақ Боралдай Сақ қорғандары тарихи орнына баруды, Алматы музейіндегі Тәуелсіздік деклорациясына қол қойылған құнды құжатпен танысуды жоспарлап отыр.

Тарихты таразылап, мәдени орындардың өткені мен бүгінгі келбетін қалыптауға бағытталған жоба ҚР Ұлттық кітапханасында қорытындыланады.