«Астана» велошабандозы - үздік үштікте

«Астана» велошабандозы - үздік үштікте
Сурет: 24.kz

Италияда өткен «Адриатика-Ионика» көпкүндігі өз мәресіне жетті.

Бес кезеңге созылған сайыс қорытындысы бойынша Вадим Пронский қолаға ие болды.

Соңғы үш кезеңде оған AstanaQazaqstan Team үлкен қолдау көрсетті. Десе де, Пронский қарсыласынан басып оза алмады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Көпкүндік веложарыстың қорытындысы бойынша, бірінші орын италиялық Филиппо Занаға бұйырды. Екінші орынды эритреялық Натнаэль Тесфацион иеленді.