Асланбек Шымбергенов бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны болды

Асланбек Шымбергенов бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны болды
Сурет: 24.kz.

Команда жігіттері оны бірауыздан таңдаған.  

Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны сайланды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.

«Қазір Қамшыбек Қоңқабаев пен Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой бокста бақтарын сынайтындықтан, құрамада капитан ауысты. Команда жігіттері ақылдаса отырып, бірауыздан Асланбек Шымбергеновті таңдады», – деді бапкер.

Еске сала кетсек, бұған дейін ұлттық құраманың капитаны болған Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой деңгейге ауысатынын айтқан болатын.