Архившілер үшін ерекше күн

Архившілер үшін  ерекше күн
novyefoto.ru

75 жыл бұрын Халықаралық архивтер кеңесі дүниеге келген. Архивтер кеңесі бүкіл әлемнің архив мекемелері мен тәжірибешіл архившілерін бір ортаға біріктіріп, бүкіл адамзаттың архивтік мұрасын сақтауға жәрдемдесіп отырған Халықаралық орган.

Осы ұйымның құрылуына орай 9 маусым - Халықаралық архившілер күні атанған болатын. Жазғы мектепті қорытындылау рәсімінде Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Ә.Қ. Мұстафина жас архившілерге бүгінгі алған жаңа білімдері мен алмасқан тәжірибелерін архив ісінде шеберлікпен қолданасыздар деп сенім білдіріп, бұдан арғы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ ол өз сөзінде Халықаралық архивтер кеңесі архив ісі мен құжаттарды басқарудың кәсіби мәселелері бойынша тәжірибелерімен, зерттеулерімен және идеяларымен барлық өркениетті елдердің архившілеріне тәлімгерлік бағыт беріп келеді.

Әлемнің архивтерін жетілдіру мен үдемелі өсірудің әрқашан бастамашысы және халықаралық инновациялық жобаларды енгізудің басты интеграторы болып келген ІСА ұйымының мәртебесі архившілер үшін әрқашан ерекше болып қала беретінін айтып өтті. Осы дүниежүзілік Архившілер күні мерекесінің қабылдануына себепкер болған ІСА ұжымына шығармашылық табыстар тілеп, жылы лебізін білдірді.