Арайлым Шамова: Қазақ елі өз таңдауын жасады

Арайлым Шамова: Қазақ елі өз таңдауын жасады
almaty.tv

Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасы барлық саланы қамтиды. Осылай деген Алматы қалалық мәслихатының депутаты Арайлым Шамова сол бағдарламаны іске асыру үшін Мемлекет басшысына көмектесуіміз керек деп санайды.

"20 қарашада елімізде тарихи сәт орын алды. Қазақ елі өзінің Президентін сайлады. Қасым-Жомарт Кемелұлы 81,31%-бен халықтың сенімін алды. Алдағы уақытта жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деп ойлаймын, себебі Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасы барлық саланы қамтиды. Ендігі біздің алдымызда сол бағдарламаның іске асуына көмектесу деген міндет тұр", - деді депутат.