АПТАЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ (10 – 16 маусым, 2021 жыл)

ТОҚТЫ Қаржыға қатысты шаруаларыңызда сәттілік болуы мүмкін. Сонымен қатар, тиімді келісімдерге келудің де сәті түспек. Бұл, тіпті, бизнестен алыс тоқтылардың өзіне де қатысты болады. Сондай-ақ, жақындарыңызбен қарым-қатынаста жағымды өзгерістер байқалады.

ТОРПАҚ Бұл күндері ескі жоспарларыңызды іске асырып, бұрын бастаған шаруаларды аяқтауға қолайлы жағдай туады. Сіз оңайлықпен шаршамайсыз, тіпті бір шаруамен ғана қайта-қайта айналысуға тура келгенімен, бастаған ісіңізді тастап кетпей, қажетті нәтижеге жетпейінше тоқтамайсыз. Бұл – жақсы қасиет.

ЕГІЗДЕР Осы аптада сәттілікке қол жеткізуге мүмкіндік бар. Алайда, барлығы бірден бола қоймайтынын ескеріңіз. Табандылық танытуға дайын болыңыз. Бірнеше кедергіні еңсеруге тура келмек. Сонда ғана сәттілікке жақындайсыз.

ШАЯН Жұмысыңызда жетістікке жетуге апта қолайлы болмақ. Сіз байсалдысыз және көптің көңілінен шығасыз. Сізді бұрын жауапсыздығымен қажытқан адамдар енді сізден үлгі алып, сенімді серігіңізге айналуы ғажап емес.

АРЫСТАН Осы апта жағымды жаңалықтарға толы болмақ. Сонымен қатар, көптеген мүмкіндікке жол ашылады. Сіз оның ешқайсысын уысыңыздан шығарып алмауға тырысасыз. Жаныңыздағы адамдар сіздің жолыңызбен жүріп, сіз жеткен жетістіктерге жетуге күш салады.

БИКЕШ Егер таңғы уақытта бірнәрсе ойыңыздағыдай болмай жатса, қатты қобалжудың қажеті жоқ. Бұл апта өз ойыңыздағыдай сәтті болмақ. Өз идеяларыңызды жүзеге асырудың барлық мүмкіндігін дұрыс қолдана біліңіз. Кез келген жағдайға дайын болсаңыз, жақсы нәтижелерге міндетті түрде жетесіз.

ТАРАЗЫ Қазіргі уақытта назар аударуды қажет ететін шаруа­ ларды қолға алыңыз. Қиын тапсырмалардан еш қорық­ паңыз. Біраз ойлансаңыз, шешімін әп-сәтте-ақ табасыз. Бұл ретте тәжірибесі мол таныстарыңыздың кеңестеріне жүгінуге болады. Ұзақ араласпай кеткен адамдардан хабар келуі мүмкін.

САРЫШАЯН Осы аптаны жақсы өткізуге барынша тырысыңыз. Соңғы кезде көп күш жұмсаған шаруаларды шешуге мүмкіндік туады. Осыдан кейін сіз өзіңізді барынша жеңіл сезініп, арқаңыздан жүк түскендей болады.

МЕРГЕН Осы апта жақсы идеяларға толы. Жоспарыңызға өз­ герістер енгізіп, соңғы кездері сенімсіз жобаларға күші­ ңізді жұмсағаныңызды түсінесіз. Айналадағы адамдармен қарым-қатынасыңыз қалай өрбіп жатқанына назар ау­ дарыңыз. Қазіргі уақытта кімнің кім екендігін байқап, шын мәнінде қолдап жүргендерді аңғара аласыз.

ТАУЕШКІ Бұл күндері сізді жолыңыздан тайдыратын жағымсыз оқиғалар болуы мүмкін. Кейде бұл үлкен қателіктерге әкеп соқтырады, оны түзетуге аз уақытыңыз кетпейді. Уақыт өте келе жағдай жақсы арнаға бұрылып, аптаның екінші жартысында қызықты ұсыныстармен қатар, жаңа танысулар да орын алады.

СУҚҰЙҒЫШ Бұл күндер жағымды оқиғаларға және жаңа мүмкіндіктерге толы болмақ. Көптеген суқұйғыш өздерінің бар мүмкіндігін дұрыс пайдаланып, сәттілікке жетудің даңғыл жолын табады. Махаббатта сәттілік күтіп тұр.

БАЛЫҚ Осы апта сіз үшін оңайға соқпайды. Жағымсыз жайт­ тар кездесуі мүмкін. Сондықтан да оптимистік қалпыңызды жоғалтып алмай, бұрыннан ойлаған нәрсеңізді жүзеге асыруға тырысыңыз. Бұл отбасылық демалысқа қолайлы апта болмақ.

Әзірлеген Ақтолқын ТҰРЛЫҒАЗЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *