Аналар жан-жақты көмек алуда

Жетісу ауданында жыл басынан бері 450 көпбалалы және аз қамтылған отбасыға көмек көрсетілді.  «Әлеуметтік көмек мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігі ретінде халықтың әлсіз топтарына қолдау көрсетуге бағытталған», – деді Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева. Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында ол қазіргі кезде Жетісу ауданында 2101 көпбалалы отбасы тіркелгенін хабарлады.

Аудан әкімінің мәліметінше, 2021 жылдың 1-тоқсанында атаулы әлеуметтік көмекті 438 отбасы алған, оның ішінде: 149 көпбалалы отбасы, 289 аз қамтылған отбасы.

Гүлнар Көкебаева көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған «Бақытты отбасы – Жетісу» әлеуметтік орталығының жұмысына кеңінен тоқталды. Оған биыл 1115 адам келген. Орталық арқылы санаториялық-курорттық емделуге 47 бала жіберілді («Балдәурен» және «Алау» шипажайларына).

Әйелдерді жұмыспен қамту мәселесі де шешілуде. 1-тоқсанда бұл орталықта 164 ана тегін курстан өткен. «Бақытты отбасы – Жетісу» орталығында қолөнер, пішу және тігу, визаж, шаштараз ісі, аспаздық өнер, маникюр және педикюр, кірпікті ұзарту бойынша білім алуға болады.

Биыл «Халық» қоғамдық қорының қолдауымен ауданның 215 отбасы азық-түлік жиынтығын алған. «Осы айда көпбалалы және аз қамтылған 150 отбасыға «Халық» қоры есебінен азық-түлік жиынтығын беру жоспарлануда», – деп толықтырды Гүлнар Көкебаева.

Ауданда «Алмалы» базарының аумағында әлеуметтік осал топтарға арналған тігін цехы ашылды. Базар басшылығымен келісім жасалды. Демеушілік қаржы есебінен 10 тігін машинасы сатып алынған. «Көкмайса» шағын ауданында жертөледе жөндеу жұмыстары жүргізілуде, онда балалардың шығармашылық орталығын ашу жоспарланған. Мұнда балаларға хореография, ән айту, шахмат, тіл курстары бойынша үйірмелер жүргізілмек.

Жетісу ауданының әкімі ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау туралы да айтты.

Рая ЕСКЕРМЕСҚЫЗЫ

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *