AMANAT партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшелер саны артты

AMANAT партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшелер саны артты
Сурет: Vedomosti.ru

Кеңес құрамына өзгерістер енгізілді.

AMANAT партиясы саяси кеңесі бюросының құрамына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Саяси кеңестің қаулысымен AMANAT партиясы Саяси кеңесі бюросының жаңа мүшелері сайланды. Бюроның құрамына енгендер:

Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы;

Асхат Раздықұлы Оралов – «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы;

Максим Николаевич Рожин – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті.

Осылайша AMANAT партиясы Саяси кеңесі бюросының құрамына кіретін мүшелер саны 9-дан 13-ке артты.