«Алтын бесік» шағын ауданында 120 орындық мемлекеттік балабақша салынып жатыр

«Алтын бесік» шағын ауданында 120 орындық мемлекеттік балабақша салынып жатыр
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Мектепке дейінгі сапалы білім беруге көп көңіл бөлінеді.

Құрылысты 2024 жылдың шілдесінде аяқтауды жоспарланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Биыл шілде айында 10-шы шағын ауданда 160 орындық жаңа балабақшаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу басталды (биыл 30 млн. теңге бөлінді, мердігер – «Капремпроект» ЖШС). Мемлекеттік сараптамадан кейін 2024 жылдың мамырында аяқталады.

Сонымен қатар Таугүл шағын ауданындағы апатты деп танылған балабақша ғимаратының орнына 120 орындық жаңа балабақша салуды жоспарлап отырмыз. Қараша айында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланады (жобалау-сметалық құжаттаманың басталуы – 2024 жылғы қаңтар, аяқталуы – 2024 жылғы қыркүйек).

2-ші шағын ауданда бұрынғы 120 орындық балабақша ғимаратын сейсмикалық күшейтіп, күрделі жөндеу жұмыстары жобалануда (қазір «Ақниет» жеке мектебі жұмыс істейді, жобалаушы – «Стройтекс» ЖШС). Мемлекеттік сараптамадан кейін жобалау-сметалық құжаттаманы аяқтау мерзімі – 2024 жылдың I-ші тоқсаны. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың III-ші тоқсанында басталады.