Алты жаңа мектеп салу  жоспарлануда

Алты жаңа мектеп салу  жоспарлануда
almaty-akshamy.kz

Ауданда тұрғын үй құрылысының қарқынын ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығын қосымша төмендету мақсатында 6 жаңа мектепті, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 7900 орындық 5 мектепті жобалау және салу  жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында басталады, 2024 жылдың екінші жартысында аяқталады.

Сонымен қатар осы жылдың шілде айында конкурстық процедуралар өткізілгеннен кейін Шұғыла шағынауданындағы №174 мектепке 375 орындық қосымша құрылысты бастауды жоспарлап отырмыз.

Бұған қоса балаларымызды қосымша біліммен қамтамасыз ету үшін көпсалалы инновациялық шығармашылық орталықтың (Оқушылар сарайы. Бүгінгі күні ғимаратты одан әрі пайдалануға беру үшін Білім басқармасына қабылдау-беру актісіне қол қою жұмыстары жүргізілуде) құрылысы аяқталды. Бұл 5 мыңнан астам баланы қосымша біліммен қамтуға мүмкіндік береді.