Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауында қалалық Exit poll нәтижелері жарияланды

Exit poll мәліметтеріне сәйкес, Алматыдағы сайлауда Nur Otan партиясы үлкен басымдықпен жеңіске жетті. Бұл туралы жалпы қалалық баспасөз орталығында дауыс берудің алдын ала қорытындысы бойынша өткен брифингте мәлімдеді.

«Nur Otan» партиясы 58,9-% дауыс жинап басымдық танытса, екінші орында 13,7-% бен «Ақ Жол» партиясы, ал үшінші орында – 13,3%-бен «Қазақстанның Халық партиясы» Парламент мәжілісіне өтті. Төртінші орында – «Ауыл» партиясы 9,2%-ды құраса, Adal партиясы сайлаушылардың 4,9% дауысын жинаған» — деді», — СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының өкілі Игорь Кузнецов.

Оның айтуынша, қаланың 189 сайлау учаскесінде сауалнама жүргізіліп, осы орайда 126 мыңнан астам сайлаушыдан сауалнама алынды. Алматы қаласы бойынша сайлауға қатысушылардың саны 438 358 адамды құраған.
Игорь Кузнецов сауалнама жүргізу нәтижесіне сүйеніп, соңғы қорытынды айтарлықтай айырмашылық болмайтынын түсіндірді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *