Алматы полициясы тағы бір қаржы пирамидасының ұйымдастырушысын іздестіріп жатыр

Алматы полициясы тағы бір қаржы пирамидасының ұйымдастырушысын іздестіріп жатыр
Сурет: Kabar.kg

Алматы полициясы қаржылық «инвестициялық» пирамиданың ұйымдастырушысын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша (қаржылық инвестициялық пирамиданы құрып және оған басшылық етті) деген күдікпен 1985 жылы 10 маусымда туған Ораз Әділет Жұмабайұлын іздестіріп жатырмыз. Іздеудегі адам туралы қандай да бір мәлімет болса мына телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 777 953 51 11, +7 777 224 86 86 немесе 102», - деп жазды Instagram -да Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Осыдан бір ай бұрын, Алматыда «Mudaraban Capital» компаниясының басшысы қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін ұсталған.