Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу процесін оңтайландырудың арқасында жыл сайынғы үнемдеу 4,5 млрд теңгені құрайды

Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу процесін оңтайландырудың арқасында жыл сайынғы үнемдеу 4,5 млрд теңгені құрайды
Сурет: Gov.kz.

Қазақстанда әр саланы цифрландыру ақша үнемдеуін беруде

Ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық шешімдерді енгізу есебінен зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды әкімшілендіру бойынша шығыстарды оңтайландыру бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жүргізуде. Бұл шара жыл сайын республикалық бюджет қаражатын 4,5 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтындағы хабарға сілтеме жасай отырып.

Қазіргі уақытта әрбір жәрдемақы немесе зейнетақы төлемі екінші деңгейдегі банктер мен «Қазпошта» АҚ-ға жеке элемент ретінде түседі, ол үшін комиссиялық алым алынады. Түрлі төлем элементтерін төлемнің бір элементіне біріктіру қазақстандықтарға тиесілі төлемдерді әкімшілендіруге жұмсалатын шығындарды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Элементтерді біріктіру кезінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тағайындалған төлемдердің санаты ескеріледі. Мысалы, базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде азаматқа сондай-ақ: ынтымақты зейнетақы төлемі, экологиялық үстемеақы және т. б. тағайындалуы мүмкін.

«Бірінші кезеңде біз зейнетақы төлемдері мен экологиялық үстемеақыны біріктірдік. Тек маусым айында үнемдеу 384,2 млн теңгені құрады, ал болашақта біз шамамен 4,5 млрд теңгеге республикалық бюджеттің жыл сайынғы үнемделуін күтеміз. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.