Алматы қалалық Мобилділік басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Ғани Мұрзаханов қалалық Мобилділік басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ғани Мұрзаханов 1966 жылы 15 желтоқсанда туған. Алматы автомобиль жолдары институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы Алматының НИИ СТРОМПРОЕКТ-тегі керамикалық материалдар зертханасында инженер-технолог болып бастаған.

1991-1999 жылдар аралығында «Жамбыл жолдары» АҚ-да мастердан басшыға дейінгі жолдардан өткен.

1999 жылдан 2008 жылға дейін «Прогресс корпорациясы» қауымдастығында басшылық қызметтерді атқарған.

Мемлекеттік қызметте де тәжірибесі бар.
2008 жылдан 2016 жыл аралығында Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

Қазіргі тағайындауға дейін «Алматы тазалық» МҚК директоры болған.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *