Алматының жас полицейлеріне алғашқы офицер шені табысталды

Алматының жас полицейлеріне алғашқы офицер шені табысталды
Сурет: Polisia.kz

Полиция департаментінің мұражайында салтанатты табыстау рәсімі өтті.

50 жас қызметкерге полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров өз қолымен лейтенант шенін табыстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Қаладағы тәртіпті қамтамасыз ететін офицерлер қатарына жас ұл-қыздар қосылды.


«Құрметті әріптестер! Бүгін сіздер алғашқы офицерлік шендеріңізді алып, толыққанды полиция қызметкері болдыңыздар. Бүгін сіздердің Тәуелсіз Қазақстанға қызмет ету, Қазақстан халқына қызмет ету жолдарыңыз басталды. Сіздер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың конституциялық құқықтарын қорғауда білімдеріңіз бен дағдыларыңызды дұрыс қолдана алатындарыңызға сенімдімін. Әрекеттеріңізді Ант талаптарымен өлшеңіз. Заңдылық, мәдениеттілік, адалдық, батылдық – сіздердің басты қаруларыңыз», – деді Арыстанғани Заппаров.