Алматының ҰҚКД бастығы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды

Алматының ҰҚКД бастығы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды
Сурет: Tumba.kz

Бұл туралы Бас прокурор айтты.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент бастығы Нұрлан Мәжилов ұсталды. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«5 қаңтарда Алматыдағы екі полиция департаменті мен үш департаменттің, сондай-ақ Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының бастықтары өз ғимараттарын, соның ішінде қаруды қалдырғаны анықталды. Осы деректер бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша тергеу әрекеттерінің негізгі көлемі аяқталды. Алматы ҰҚКД бастығы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды. Қазір басқа адамдарға қатысты дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізіліп жатыр», – деді Берік Асылов.