Алматының студенттік жатақханаларында жағдай тұрақты

Алматының студенттік жатақханаларында жағдай тұрақты
Сурет ашық дерек көзінен алынды

Алматының студенттік жатақханаларында жағдай тұрақты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

ЖОО жатақханаларының ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Студенттер де дін аман.. 

Сондай-ақ бұған дейін тараған Әл Фараби атындағы  ҚазҰУ №6 және №8 жатақханаларындағы қирау мен құрбандар туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. 

Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді және таратпауларыңызды сұраймыз. Тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз.

Алматы қаласында жер сілкінісіне байланысты  8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84 нөмірлері бойынша жедел желі жұмыс істейді.

Алматыдағы барлық жиналу нүктесі ашық және жұмыс істейді. ТЖ кезінде халық жиналатын орындар тізімімен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Файлы