Алматының Медеу ауданында ШОБ субъектілерінің саны өсті

Алматының Медеу ауданында ШОБ субъектілерінің саны өсті
Сурет: ашық дереккөз

Алматының Медеу ауданы қарқынды дамып келеді, бұған барлық негізгі көрсеткіштердің өсуі дәлел, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. 

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлім болды. Айтуынша, 2023 жылдың 5 айында өнеркәсіптік өндіріс 14,1%-ға, көтерме сауда 19,5%-ға, жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің саны 32,3%-ға, салық түсімдері 44,4%-ға өсті.