Алматының 2 548 тұрғыны үйден дауыс беруге өтініш білдірген

Алматының 2 548 тұрғыны үйден дауыс беруге өтініш білдірген
almaty-akshamy.kz

Алматының 2 548 тұрғыны үйден дауыс беруге өтініш білдірген, оның 1299-ы дауыс беріп үлгерді. Бұл туралы брифинг барысында аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанова мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Дауыс беру жалғасып жатыр. Учаскелік комиссия мүшелері азаматтардың өтініші бойынша үй-үйді аралап, дауыстарын қабылдап жатыр. Дауысты үйден беру бойынша 2 548 өтініш келіп түсті. Осы сәтке дейін 1 299 адам дауыс беріп үлгерді. Ең көп өтініш Әуезов ауданынан түсті – 864, ең азы Наурызбай ауданынан болды», - дейді Жанна Асанова.

Сонымен қатар, ол мүмкіндігі шектеулі азаматтар 97 инвотаксидің қызметіне жүгінгенін атап өтті.

«Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша халықтың 23,6%, яғни 265 892 адам дауыс беруге келді», - деді спикер.