Алматылықтар көбінесе КВИ-ді сауда нысандары мен қоғамдық көліктерде жұқтырады

Алматылықтар көбінесе КВИ-ді сауда нысандары мен қоғамдық көліктерде жұқтырады
Сурет: Vlast.kz

Қала тұрғындарының COVID-19-ды жиі жұқтыратын орындары аталды

Алматыда өткен тәулікте 55 адам коронавирус дертін жұқтырған, инфекциялық стационарларда 225 пациент бар. Бұл мәліметтерді қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин келтірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
 

Сондай-ақ, ол алматылықтардың дертті жиі жұқтыратын жерлерін атап өтті. Ауру жұқтырғандардың 90%-ы сауда объектілерінде (37,3%), қоғамдық көлікте – 22,2%, отбасыларда – 19,3%, базарларда – 11,2%. 
 
Қаланың бас санитарлық дәрігері мегаполистің барлық тұрғындары санитарлық нормалар мен карантин талаптарын елемей, қауіпсіздік шараларын тиісті деңгейде сақтамайтынын атап өтті. 
 
«Қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына қарамастан, мен барлығын, әсіресе, егде жастағы азаматтарды коронавирустың кез келген штамынан қорғауды қамтамасыз ету үшін тағы да вакциналануға шақырамын», - деді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері. 
 
Спикер қаладағы барлық вакциналар тиімді, тіпті вакциналанған адам ауырып қалса да, қалыптасқан иммундық қорғаныс аурудың жеңіл өтуін қамтамасыз етеді және адамн өліміне жол бермейді деп қосты.