Ұшақ сүйреген алматылық спортшы рекордтар кітабына кірді

Ұшақ сүйреген алматылық спортшы рекордтар кітабына кірді
Сурет: Almaty.tv

Ол әскери ұшақты орнынан қозғап, 1 метрге дейін жылжытты. 

Алматылық спортшының бұл көрсеткіші Қазақстан рекордтар кітабына еніп, елімізде ұшақ сүйреген алғашқы адам болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы арнасына сілтеме жасап.

Алмат Жұманов осымен үшінші рет елдің рекордтар кітабына еніп отыр. Ол салмағы 24 жарым тонна әскери ұшақты орнынан қозғап, Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

Алмат Жұманов ұшақты 6 метрге дейін жылжытамын деп жоспарлаған. Алайда бұған дейін алған жарақаты сыр берген.

Қазақстан рекордтар кітабының өкілдері бұл нәтижені ресми түрде тіркеп, есепке алды.

«Мақсатым – қазақ халқында осындай мықты жігіттер бар екенін шетелдіктерге көрсетіп, еліміздің атын шығару. Олар бізді көріп, еліктесін. Интернетке кірсең, шетелдіктерді көресің. Сол жағынан дамытқым, көрсеткім келеді», - деді Алмат Жұманов.

Қазақстандық осымен үшінші рет елдің рекордтар кітабына еніп отыр. Бұған дейін ол салмағы 108 тонна вагон тартқан. Артынша 4 тонна болатын 3 көлікті беліне тіркеп, 280 келілік түйені 13 метрге дейін сүйреді.

«Наурыз мейрамында осы ұшақты 6 метрге сүйреген екен. Соны қайталаймын деп бізді шақырып еді. Бірақ 6 метрге жетпеді. Қазақстанда алғашқы көрсеткіш болып тіркелді», - деді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков.

Алмат Жұмановтың келесі мақсаты – салмағы 300 тонна вагон сүйреп, әлемдік Гиннестің рекордтар кітабына ену.