Алматылық оқушылар тағы да үздік нәтиже көрсетті

Алматылық оқушылар тағы да үздік нәтиже көрсетті
forall.mediasole.ru

Алматылық оқушылар республикалық математикалық олимпиадада барлық жүлделі орынды иеленді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматының 6 оқушыдан тұратын екі құрама командасы XVІ республикалық «Бастау» математикалық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті. 

Сайысқа Қазақстанның барлық өңірінен 150-ге жуық 2-4 сынып оқушылары қатысты. Олимпиада 3 кезең бойынша өтті: алғашқы екеуі – командалық есеп, соңғысы – ауызша жеке есеп. Тапсырмалар математикалық логиканы дамытуға бағытталған.