Алматылық оқушылар буллинг туралы спектакль қойды

Алматылық оқушылар буллинг туралы спектакль қойды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Артишок» театрының сахнасында жасөспірімдер ортасында қудалау мәселесі туралы қойылымның тұсауы кесілді.

«Всё, что тебя задевает» жасөспірімдер арасында буллинг, суицид және жеңіл есірткі сынды өткір әлеуметтік мәселені көтереді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Буллинг, ата-ананың түсінбеуі, болашақ туралы теріс түсінік, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жоғалту жасөспірімдерді алаңдатады. Театр қойылымы шынайы өмірге жақын, өйткені ол нақты оқиғаларға негізделген.

Жобаның ерекшелігі сол, қойылымды «Қадам» жастарға арналған әлеуметтік орталықтың дарынды балалары қояды. Спектакль авторының пікірінше, қойылым ата-аналар мен жасөспірімдердің көзқарасына әсер етуі мүмкін. Ата-аналар балаларын түсініп, қолдай бастайды, ал жасөспірімдер қиын сәттерді қалай еңсеруге болатынын біліп, жақындарына өз тәжірибесін бөліседі. 

«Қадам» орталығы 2018 жылдан бастап халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы дарынды балаларды оқытып келеді. Орталықта балалар актерлік шеберлік, графикалық дизайн, SMM,