Алматылық әртіс Монте-Карлода «Оскар» циркінің қола жүлдесін жеңіп алды

Алматылық әртіс Монте-Карлода «Оскар» циркінің қола жүлдесін жеңіп алды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Қазақ мемлекеттік циркінің эквилибрисі Таисия Демидова Монте-Карлодағы 46-шы Халықаралық цирк фестивалі аясында өткен «Жаңа ұрпақ» 11 фестивалінде «Қола юниор» сыйлығының иегері атанды. Бұл байқау әлемдегі ең беделділердің бірі болып саналады және цирк «Оскары» деп аталады. 

Таисия Демидова Монакода «Хула- хуапамен эквилибр» нөмірін көрсетті. Қола медальдан өзге Таисия «Италия циркі достарының жүлдесі» және «Ұлттық білім және спорт басқармасының арнайы сыйлығы» атты екі арнайы марапатты да жеңіп алды.

«Бұл - цирк өнеріндегі ең беделді марапаттардың бірі. Біз Таисиямызға өте қуаныштымыз және оның мансабында үлкен биіктерге жететініне сенімдіміз. Алматы әкімдігі әртістеріміздің шығармашылық әлеуетін дамытуға көп көңіл бөледі», - деді Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

Айта кетерлігі, 2023 жылы Алматы циркінің әртістері алғаш рет Бейжің халықаралық акробатика мектебінде және Ресей театр өнері институты — ГИТИСТЕ біліктілігін арттырудан өтті. Сондай-ақ, соңғы 35 жылда алғаш рет цирк шетелге гастрольді қайта бастады және Душанбе мен Тбилисиде өнер көрсетті. Бұдан басқа, цирк ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.