Алматылық адвокаттар 15 544 тен астам азаматқа мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетті

Алматылық адвокаттар 15 544 тен астам азаматқа мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетті Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңнамалық актілерінде белгіленген нормаларға сәйкес азаматтық, әкімшілік және қылмыстық процестер барысында әрбір адамның білікті заң көмегін алу құқығы көзделгенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Департамент басшысының мәліметінше, 2023 жылы Алматы қалалық алқасының адвокаттары 15 544 азаматқа мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетті.



«Адвокаттар мен заң кеңесшілерінің қызметі жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және іске асыруға жәрдемдесу мақсатында кәсіби заң көмегін көрсетуге негізделеді», - деді Б.Кесебаева.



ӨКҚ спикері сондай-ақ «Әділет органдары туралы» және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға сәйкес әділет органдары мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде адвокаттар мен заң консультанттары көрсететін заң көмегін ұйымдастыруды, сондай-ақ оның сапасын бақылауды қамтамасыз ететінін түсіндірді.


Алматы қаласында адвокаттар алқасы және 15 заң кеңесшілері палатасы жұмыс істейді, 981 адвокат, 5 332 заң кеңесшісі қызметін жүзеге асырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22