Алматыдағы құрылыс алаңында 30-дан астам гастарбайтер ұсталды

Алматыдағы құрылыс алаңында 30-дан астам гастарбайтер ұсталды
Сурет:Obzor.io

Қолға түскен гастарбайтерлер Өзбекстаннан келген.

Көрші мемлекеттен келген келімсектер қаланың Алатау ауданындағы құрылыс алаңында анықталды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шетелдіктердің қолында жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған, осыған байланысты олар ПД-нің қабылдап-тарату бөліміне орналастырылған. Ұсталғандардың әрқайсысының жеке басын анықтағаннан кейін, оларды қаламыздың аумағында кез-келген құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қатыстылығын тексереміз. Содан кейін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстаннан шығарылады. Айтпақшы, өткен күні Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы консулдығымен бірге соттың шешімімен бұрын Қазақстаннан шығарылған Өзбекстанның 16 азаматының отанына оралуы ұйымдастырылды, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ спикер 7-16 маусым аралығында өткізілген «Келімсек» іс-шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 785 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, олардың 1 262-сі шетелдік азаматтар екенін еске түсірді. 102 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды.