Алматыдағы заңсыз акциядан 190 адам зардап шекті

Алматыдағы заңсыз акциядан 190 адам зардап шекті
www.inform.kz

Алматыдағы шеруден кейін 40 адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, емдеу мекемелеріне 190 адам жүгінген, оның 150-і "жедел жәрдеммен" жеткізілсе, 40-ы өзі келді.

«40 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 7 зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде, оның ішінде төртеуі - полиция қызметкері. Зардап шеккендердің ішінде 137 полиция қызметкері және 53 қала тұрғыны бар», - делінген хабарламада.