Алматыдан Эр-Риядқа тікелей рейстер ашылады

Алматыдан Эр-Риядқа тікелей рейстер ашылады
Сурет: интернеттен

Рейстер аптасына 7 рет қатынайды.

Рейстерді Сауд Арабиясының FlyNas әуе компаниясы жүзеге асырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақстан мен Сауд Арабиясы Алматы – Эр-Рияд бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу туралы уағдаласты»,  деп мәлімдеді Азаматтық авиация комитеті.

Тиісті шешімге Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Сауд Арабиясына сапары аясында қол жеткізілді.

Елдер арасындағы рейстерді Сауд Арабиясының "FlyNas" әуе компаниясы орындайды.

Тікелей әуе қатынасы 2024 жылдың көктем-жаз маусымынан басталады деп жоспарланып отыр.