Алматыдан 348 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 348 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Cурет: Egemen.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОMЭ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі сағат 09:54-те Алматыдан 348 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 348 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Зілзаланың энергетикалық класы - 9.3. MPV магнитудасы - 3,9. Эпицентр координаттары - 42,32° солтүстік 80,99° E. Тереңдігі - 10 км. 

Сезілу туралы ақпарат жоқ.