Алматыдағы тоғызқұмалақ ойыны Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енеді

Алматыдағы тоғызқұмалақ ойыны Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енеді
Сурет: Kazbilim.kz

9 қыркүйек күні Тоғызқұмалақ күніне орай  рекордты бекіту мақсатында 2000-нан астам жоғары сынып оқушылары бір мезетте тоғызқұмалақтан сайысқа түседі.

2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2023 жылдың 21-24 қыркүйегі аралығында Алматы қаласындағы ADD үстел теннисі орталығында рапид және блиц бойынша оқушылар (U-15, U-17) арасында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтеді. Турнирге әлемнің 20 елінен 150-ден астам ойыншы қатысады.