Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысқан шетелдік азаматтар қамауға алынды

Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысқан шетелдік азаматтар қамауға алынды
Сурет: Radiokp.ru

Олар қамауға алынған.  

Прокуратура мамандары қаңтарда орын алған лаңкестік әрекеттер мен тәртіпсіздіктерге қатысты тергеп-тексеруді жалғасып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Арнайы жүргізілген тергеу барысында 2022 жылғы қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні Алматыда қала әкімдігінің ғимаратын басып алу кезіндегі тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан екі шетелдік азамат анықталды.

«Аталған адамдар ғимаратты қорғап жүрген Мамандандырылған күзет қызметінің қарусыз қызметкерлеріне қарсы қатыгездікпен күш қолданған. Олар полицейлерге бұрын тартып алынған арнайы құралдармен (қалқандар, таяқшалар) дене жарақаттарын салған»,- делінген прокуратураның хабарламасында.

Бейнематериалдарды сәйкестендіру нәтижесінде қылмыскерлердің кім екені анықталды. Биылғы жылдың 1 ақпанында олар соттың санкциясымен қамауға алынды.

Олардың қылмыстық әрекеттері Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі (жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу), 380-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары (билік өкіліне күш қолдану) бойынша сараланды.

«2022 жылғы 6 қаңтарда қылмыскерлер телеэфир ұйымдастыру мақсатында «Көктөбе» телемұнарасын басып алуды жоспарлап, ол үшін бейбіт тұрғындарды бірлесіп қылмыс жасауға көндіре бастаған және қылмыскерлер олардың өміріне қауіп төндірген.1992 жылы туған азамат бас тартқан соң, қылмыскерлер оған мылтықпен екі рет оқ атқан, нәтижесінде жәбірленуші қолынан және жыныс мүшелері тұсынан жарақат алған. Аталған қылмыстың ұйымдастырушысы ұсталды, ол бұрын сотталған 1983 жылы туған Алматы қаласы маңының тұрғыны болып шықты. Оның қылмысқа қатыстылығы куәгерлердің түсініктемелерімен дәлелденеді. Ол ағымдағы жылдың 25 қаңтарында соттың санкциясымен қамауға алынды», - делінген прокуратураның хабарламасында.