Алматыдағы сенбілік кейінге ауыстырылды

Алматыдағы сенбілік кейінге  ауыстырылды
Сурет: Informburo.kz

Бұдан бұрын 19 наурызда жалпықалалық сенбілік өтетінін хабарлаған болатынбыз.

Сенбіліктің айтылған күні өткізілуіне ауа райы кедергі болып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

19 наурызға жоспарланған жалпықалалық сенбілік ауа райының нашарлауы – ауа температурасының төмендеуі және күтілетін жауын-шашынның салдарынан кейінге ауыстырылады. 

Сенбілік өтетін күн мен уақыты туралы қосымша хабарланатын болады.