19 наурызда жалпықалалық сенбілік өтеді

19 наурызда жалпықалалық сенбілік өтеді
Сурет: Informburo.kz

Уақыты: сағат 9-дан 12-ге дейін. Сенбілікке 2 000-нан астам коммуналдық қызмет жұмысшылары мен 400-ден астам арнайы техника шығады.

Алматы әкімдігі тұрғындарды 19 наурызда Birge – taza Qazaqstan республикалық акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қысқы кезеңнен кейін қала аумағын, рекреациялық аймақтарды, саябақтарды, скверлерді, аулаларды, сондай-ақ сауда объектілеріне, қоғамдық тамақтану орындарына және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтарды  тазарту әрі жинау жоспарлануда. Жаппай ағаш отырғызу да жоспарланған.

Барлық меншік нысанындағы ұйымдардың басшыларын, оның ішінде ПИК, ЖКБ басшыларын қажет болған жағдайда сенбілікке қатысушыларды іргелес аумақтар мен аулаларда қоқыс жинауға арналған құралдармен, қолғаптармен, қаптармен қамтамасыз етуді сұраймыз.

Қоқыс салынған қаптарды жол жиегіне қою ұсынылады. Оларды қаланың коммуналдық қызметтері алып кетеді.

Қала аудандары бойынша сенбілік өтетін  орындар тізімі:

1) Алатау ауданында «Сосновый бор» экопаркінде жаппай ағаш отырғызу және іргелес жасыл аймақтар аумағын жинау жоспарланған.

2) Алмалы ауданында сенбілікті Сайран көлінің шығыс жағалауында жаппай өткізу жоспарланған.

3) Әуезов ауданында – Сайран көлінің батыс жағалауында.

4) Бостандық ауданында – Абай даңғылының бөлу жолағында.

5) Жетісу ауданында – Гүлдер саябағында.

6) Медеу ауданында – Речка Казачка көшесі «Восточка» ТК артында.

7) Наурызбай ауданында – №7 ҚКА-ның іргелес аумағында және Абай даңғылының бойымен Алатау даңғылының шығысына қарай.

8) Түрксіб ауданында – Петрозаводская және Майлин көшелеріндегі жыраларда.